"Қостанай-Алматы" бағытындағы ұшақ жолаушысы көз жұмды

FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Qazaqstantv телеграм арнасы ұсынған дерекке сәйкес, осыған байланысты ұшақ Астанаға шұғыл қонған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігермен бірге стюардессалар дефибриллятор арқылы жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-қан тамырлары массажын жасады. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы