Қосшының жаңа бас жоспары 150 мың адамға есептелген
Ақмола облысы Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев халық санының өсуіне байланысты жаңа бас жоспардың қажеттіліг туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бастапқыда инженерлік желілер 30 мың тұрғынға есептелген, бірақ 2021 жылы қала мәртебесін алғаннан кейін қала құрылысы шешімдерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған қызмет көрсету аймақтарына бөлуді, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.
Жаңа бас жоспарда жеке тұрғын үй құрылысына 900 гектардан астам жер қарастырылған. Көппәтерлі тұрғын үйлер үшін – шамамен 360 га қажет. Бізде қазірдің өзінде қоғамдық-мәдени және спорт орталығы сияқты заманауи құрылыстар салынуда. Облыстық көпсалалы аурухана құрылысы жүріп жатыр. Мұның барлығы жаңа инженерлік инфрақұрылымды қажет етеді. Жылумен жабдықтауға, сумен жабдықтауға, кәріз-тазарту құрылыстарына келетін болсақ, осы инфрақұрылымдық жобалардың барлығы кезіндегі Целиноград ауданы Қосшы ауылына деп есептелген және қазір ол жаңа инновацияларды талап етеді. Алдағы 2038 жылға дейінгі есептік мерзімде халық саны 150 мың адам деп болжануда, — деп атап өтті әкім.