2 Қараша 2025 2025, 10:48 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қосшыда өрттен 40 адам эвакуацияланды

Қосшыда өрттен 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қосшыда өрттен 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

112 қызметіне Қосшы қаласында Жангелдин көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде электр қалқанында электр сымдардың қысқа тұйықталу орын алғаны анықталды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ маршымен 40 адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.