Қосшыда өрт сөндіру бекеті іске қосылды

Қосшы қаласында мобильді пост жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 желтоқсаннан бастап Қосшы қаласында Ақмола облысы ТЖД және қалалық әкімдік күштерімен мемлекеттік өртке қарсы қызмет кезекшілігі ұйымдастырылды.

Мобильді посттың ашылуына Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев, Қосшы қаласының әкімі Ғайдар Қасенов, депутаттық корпус пен жергілікті қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Күн сайын жауынгерлік есеп пен 2 бірлік өрт техникасы кезекшілік атқарады. Олар 100 мыңнан астам халқы бар Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылын қорғауды жүзеге асыратын болады.

Астана агломерациясын өртке қарсы қорғау облыс әкімі мен ҚР ТЖ министрінің ерекше бақылауында тұр. Тиісті тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда елордамыздың барлық жақын маңдағы ірі елді мекендерінде жер телімдері бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы