Қосшыда 5 жасар бала суға батып кетті
Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында 5 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 3 тамыз күні Есіл өзенінде болғаны хабарланды. Балақайды судан туыстары алып шыққан. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Баланың суға батуына байланысты полиция сараптама тағайындады.
Қосшы қалалық полиция бөлімі бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады. Сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Ведомство ата-аналарға сақ болу қажеттігін ескертеді.
Есте сақтаңыз! Су жанында бірнеше секунд қадағалаусыз қалған баланың өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Төлеби ауданында экологиялық сенбілік өтті
Өзгелердің жаңалығы