Қосшы қаласының 8 елді мекеніне табиғи газ тартылады

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының 160 мыңнан атсам тұрғыны бар 8 елді мекені 2025 жылға қарай табиғи газ желісіне қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ  «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Газ құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталуы тиіс.  Жалпы, еліміз бойынша қолға алынып жатқан «Сарыарқа» газ құбырын жүргізу бағдарламасы бойынша екінші-үшінші кезеңінде Көкшетау қаласының 200 мыңдай тұрғыны бар 200 елдімекенді газбен қамту жоспарланып отыр. 

Осы мақстақа ұлттық қордан 170 млрд теңге бөліну қажет. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Дегенмен өңір тұрғындарын газбен қамтудың басқа да бағыттары қаралып жатыр.

Өңірді көгілдір отынмен қамтудың екінші жолы да бар. Оны Ресейден тартуға болады. Бұл арада баға саясаты, яғни, ресейлік газдің бағасы біздің ішкі тарифке қаншалықты әсер етеді, соны зерделеу керек. Айналып келгенде, таразы басы отандық «Сарыарқа» магистралінің өміршеңдігіне әкеліп тіреледі, – деді облыстық Энергетика  басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы