Кеше 2026, 22:18
Фото: pixabay
Қосшы қаласында жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты
Өрт үй аумағындағы шаруашылық құрылыста шыққан.
Қосшы қаласында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себептері анықталуда.