Қосшы қаласында монша өртенді

Құтқарушылар Қосшы қаласында моншадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.

Бүгін Қосшы қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында жеке моншаның өртенуі орын алды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында 35 шаршы метр аумақтағы өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы