Қошанов жауынгерлердің жалақысын көбейту туралы айтты

Бұл туралы «Amanat» саяси партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілі Нұрлан Әуесбаевтың пікірсайыс барысында қойылған сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

ЖСДП өкілі партия төрағасынан елдегі Қарулы күштердің жағдайы мен мемлекет қауіпсіздігі жөнінде сұрады. 

Біздің жауынгерлеріміздің, офицерлеріміздің әлеуметтік мәселелерін шешуіміз керек. Ол мәселе жалақысын көбейту, оны да бағдарламамызға енгіздік. Сарбаздарымыздың жауынгерлік рухын көтеру керек. Сонымен қатар, олардың қауіпсіздігі. Бейбіт күнде опат болып жатқан сарбаздар жағдайы өкінішті, - деді ол.   

Қошанов Қорғаныс әлеуетін күшейту үшін қаржы керегін, жалпы ішкі өнімнің үлесін ұлғайту қажетін де айтты. Сондай-ақ қауіпсіздік шекарадан басталатынын атады.

Мемлекеттің қауіпсіздігі шекарадан басталады. Бүгінде жасыратыны жоқ шекаралық аудандарымыз жалаңаштанып жатыр. Халық ол жерден көшіп жатқаны рас. Сондықтан бағдарламамызда осыған назар аударып отырмыз. Кезінде жабылып қалған көптеген шекаралық аудандарды қайтадан ашылуы бағдарламамыздың негізгі ұстанымы, - деді ол.    

Еске салайық, бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партияның өкілдері арасында пікірсайыс өтіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы