Қошанов: Ұлттық әскерді құру – ел тарихындағы маңызды белестің бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Қадірлі қазақстандықтар!Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!Биыл бұл мереке Қазақстан Қарулы Күштерінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.Ұлттық әскерді құру – ел тарихындағы маңызды белестің бірі. Осы уақыт ішінде айбынды армиямыз үлкен жолды жүріп өтіп, заманауи қару-жарақпен, техникамен жабдықталды. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығы жоғары деңгейде. Бастысы армия егемен еліміздің берік қалқанына айналды, - деді Қошанов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің қорғаныс қабілеті мен мүмкіндіктерін арттыруға баса мән беріп отыр.

Ол үшін заңнамалар жетілдіріліп, материалдық-техникалық база нығаюда, инновациялар енгізіліп, әскерилердің жалақысы мен әлеуметтік қамтылуы кезең-кезеңімен артып келеді.Біз өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, елдік пен егемендікті көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Осы орайда бүгінгі мерекенің маңызы арта түсері анық.Баршаңызды ата-баба аманатына адал болып, ел мүддесі үшін абыройлы қызмет атқаруға шақырамын.Әскери қызметшілерге мықты денсаулық, бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеймін!Еліміз аман, болашағымыз баянды болсын, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы