Қошанов: Өңірлерді аралау үшін ақысыз демалысқа шықтым

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, коалиция республикалық қоғамдық штабтың басшысы қылып сайлаған соң өңірлерді аралап жүргенде тегін жұмыс істеген.

Барлығы заң жүзінде болды. Нақтылап айтсам, мен өңірлерді аралап жүрген кезде ақысыз демалысқа шықтым. Ол күндерге маған Парламенттен еңбекақы төленген жоқ. Бірақ штабтан да төленген жоқ, - деп атап өтті Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов Президенттің атынан саяси дебатқа неге түсетінін түсіндірген болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы