1 Қыркүйек 2026, 15:17 Фото: видео кадры

«Қош келдің, қыркүйек»: Алматылықтар метрода кептеліп қалған

Қалада оқу жылуының басталуымен көшеде кептелістер көбейіп, қоғамдық көлікпен қатынау да қиындаған.

Алматылық тұрғын қала метросындағы кептелісті көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Желіде жарияланған видеода Алматы метросының кіреберісінің өзінде адамдар көптеп тұрғанын байқауға болады. 

Алматының метрополитен өкілдері жаңа оқу жылы басталғалы метро жолаушыларының саны дәстүрлі түрде шамамен екі есе көбейетінін айтады. 

Бұған жазғы демалыстан оралған мектеп оқушылары мен студенттер, қалаға қайтып келген тұрғындар, сондай-ақ қала маңынан қатынайтын жолаушылар әсер етіп отыр. Сонымен қатар қыркүйекте қаладағы көлік кептелісі де көбейеді, – деп хабарлады метрополитен қызметі.

Жолаушылар санының күрт артуына қыркүйектегі кептелістер де себеп болып отыр. Метро өкілдерінің айтуынша, көптеген алматылықтар уақыт жоғалтпау үшін жер асты көлігін таңдауда.

Кеше ғана жолаушылар саны өткен аптамен салыстырғанда шамамен 5,5 мың адамға артты. Қыркүйек айында бұл көрсеткіштің әлі де өсуі күтіледі, – деп мәлімдеді кәсіпорын өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі қалада кептелісті азайту үшін қандай шаралар қабылданатынын айтқан болатын.