Қос азаматтығы бар ресейлік елден шығарылды – ШҚО

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы облыс аумағында тұратын қос азаматтығы бар тұрғындарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері Қазақстан азаматтығын жоғалтудың 250-ден астам фактісі тіркелген. Оның негізгі бөлігі – Ресей Федерациясының азаматтығын алған адамдар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Алтай қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2023 жылдың шілдесінде көрші елдің азаматтығын алып, бұл туралы билік өкілдеріне хабарламаған. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жас жігіттен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес енді шетелдік азаматқа Қазақстанға 5 жыл уақыт мерзімінде кіруге болмайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі ҚР Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтіні туралы хабарлайды және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы