Бүгiн 2026, 14:16 Фото: видеодан скриншот

Қос аққуды құтқарған азамат оларды Ғашықтар күні қарсаңында еркіне жіберді

Аққулар Ғашықтар күні қарсаңында мекеніне оралды.

Қос аққуды құтқарған павлодарлық азамат оларды Ғашықтар күні қарсаңында еркіне жібергенін айтты.

Желтоқсан айында Павлодар облысындағы Торсықбай көлінде аққудың аналығы мұзға жабысып қалып, ұшып кетуге мүмкіндігі бар аталығы суыққа қарамай, сыңарын тастамай жанында қалған болатын. 

Құстарды алғаш болып жергілікті тұрғын Бауыржан Жакупов байқап, әкесімен бірге оларға көмекке келген.

Одан кейін көмекке келген тұрғындар құстарды тамақтандырып, кейін ветеринар шақыртқан еді. 

Махаббат күні құтты болсын, махаббаттарыңыз берік болсын. Осы қос аққудың махаббатындай адалдықты тіледім. Аққуларды қыс бойы асырап, енді кезі келгенде еркіндікке жібердім, - деп жазды Бауыржан.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда 15 сәуір – Ұлттық Ғашықтар күні. 

Еске салайық, бұған дейін сыңарын суықта жалғыз тастамаған аққу туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанадағы сауда дүкеніндегі шикі ет үстіндегі торғайлар жұртты шошытты

Ақтау маңында аққулардың жаппай қырылуы тіркелді

Маңғыстаудағы аққулардың өлімі: Теңіз суынан ластаушы заттар табылмады