Қорқытып ақша, ноутбук және алтын бұйымдар иемденгендер ұсталды
Алматыда арнайы іс-шара барысында қарақшылық шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда арнайы іс-шара барысында қарақшылық шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың ең кішісі – 1999 жылы туған, үлкені – 1974 жылғы. Қазіргі таңда Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Криминалдық полицияның мәліметінше, соңғы қылмыс кезінде қаскөйлер Сыпатаев көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынына шабуыл жасаған. Қаруға ұқсас затпен қорқытып, дене күшін қолданып, жәбірленушінің ақшасын, ноутбугін және алтын бұйымдарын иемденген.
Ұстау кезінде күдіктілердің көлігінен екі газ-травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, қосымша тергеу амалдары жүргізілуде, - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
Полицейлер топтың қылмыстық әрекетінің ықтимал қосымша эпизодтарын анықтау бойынша жедел іс-шараларды жалғастыруда.
- NASA Марстың жаңа суреттерін көрсетті 05:40
- Ресей ДДСҰ-ға Иркутскіде оба ауруының тіркелмегенін хабарлады 04:17
- Франция жаңа ядролық зымыранды сынақтан өткізді 03:47
- АҚШ Энергетика министрлігі Brent мұнайының 2027 жылғы бағасына болжамын көтерді 02:35
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026