«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі. Фоторепортаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан  музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың  либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклінің премьерасы  өтті.  

Түркістан музыкалық драма театры үнемі репертуар таңдауда көне шаһардың түркі әлемінің астанасы екенін ескере отырып, кең ауқымды дүниелерді сахналауда.  

Бұл жолы да түркіжұртының атасы-Қорқыт бабамыздың аңыздарына құрылған либреттоны сахналады. 

 «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі театрдың балет артистерінің қатысуымен қойылған алғашқы туынды.  

Түркістан музыкалық драма театрындағы балет  әртістері жан-жақтан жиналған. Жапониядан, Қырғызстаннан, республиканың  түкпір-түкпірінен келген талантты жастар.

Айта кетейік, спектаклді қоюға  көптеген тәжірибелі маман атсалысты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы