Қорғау нұсқамасы шектеулерінің тізбесі кеңейтіледі – Оспанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңға түзетулір мен құқықбұзушылықтарға қатысты қорғау нұсқамасының шектеулерінің тізбесі кеңейтіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға және жәбірленушімен қарым-қатынас жасауға басқа да шектеулер енгізіледі. Оның ішінде атыс қаруын салып жүруге, ішімдік ішуге, есірткі қолдануға тыйым салынады. Бұл түзету қорғау нұсқамасының тиімділігін арттырады, - деді ол.
Оспанов атағандай, осылайша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ішкі істер органдарына басқа мемлекеттік органдарына сияқты өз өкілеттерінің аясында құзырет беріледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және осы салада құқық бұзушыларға түсіндіру жұмыстары жүзге асырылады, - деді Оспанов.