«Қорғас» жақында қайта ашылады

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақын арада іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жетісу облысына жасаған сапарында айтты. 

Үкімет басшысы логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол пандемия басталғаннан бері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.

 "Қорғас" жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек, — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы