«Қорғас» орталығы Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін, – делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, бұған дейін аталған халықаралық орталық республикалық меншікте болды және оны басқару мен жұмысын үйлестіру Алматы облысы әкімдігінің құзыретінде болған еді.

Айта кетейік, 3 жылдан бері тоқтап тұрған «Қорғас» орталығы биыл 24 сәуірден бастап қайта іске қосылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: m.strategy2050.kz
Өзгелердің жаңалығы