«Қорғас» 24 сәуірден бастап жұмысын жалғастырады

24 сәуірден бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Өткен үш жыл ішінде басқарушы компания орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар істеді, - делінген хабарламада.

Осылайша 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап «Қорғас» ШЫХО қалыпты жұмыс режиміне қайта кірісетіндігін хабарлаймыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жетісу облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы