Қорғаныс министрлігінің полковнигі пара алды деген күдікпен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, "ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ басшысын әшкереледі.


Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қоластындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді, - делінген таратылған хабарламада.

Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы