Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары апатты аймақтарда 100-ден астам адамды эвакуациялады
Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмекке жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараларға Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.
Қостанай облысында әскерилер Қызылжұлдыз, Екідін елді мекендерінде және жақын маңдағы су басқан қыстақтардан 102 адамды, оның ішінде 32 баланы эвакуациялады, – деп жазды Қорғаныс министрлігінен.
Ұшу аралығы 130-150 шақырымды құрайды. Қараңғы кезде ұшу түнгі көру құрылғысы арқылы жүзеге асырылуда.
Әскери ұшқыштардың ұшу тапсырмасы – су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды іздеу және оларды көшіру. Ұшқыштар күрделі ауа райында 400 шақырым қашықтықты еңсеруі керек, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы