Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне үш мыңға жуық мұрағат ісі сақтауға берілді

Қорғаныс ведомствосының мекемесі Қарулы күштердің қызметіне қатысты мұрағаттық құжаттарды іздеу және сақтауға қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік және ведомстволық мекемелермен байланыстарды кеңейтудің арқасында Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінен 1952-1996 жылдар кезеңіндегі 2866 іс келіп түсті. Астанаға 21 әскери бөлім мен мекемеге қатысты құжаттар Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық көлігімен жеткізілді.

Бұл материалдардың тарихи, ғылыми және әлеуметтік маңызы бар. Архив мамандары өтініштер санының артқанын атап өтті. Олар тек қазақстандықтардан ғана емес, сондай-ақ зейнетақыны ресімдеу үшін КСРО кезеңінде Қазақстан аумағында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет өткергенін немесе еңбек қызметін растауы қажет жақын және алыс шетелдердің азаматтарынан келіп түседі.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, қорғаныс ведомствосының Орталық мұрағаты Қарулы күштерге байланысты құжаттардың орналасқан жерін белгілеу және оларды мұрағаттық сақтауға қабылдау жөніндегі қызметті жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы