Қорғаныс министрлігінің курсанттары армия үшін практикалық прототиптер әзірлеуде

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары оқу-жаттығу аясында армияның практикалық міндеттерін шешуге арналған инженерлік прототиптер әзірлеуде. Бұл жобалар болашақ офицерлерге теориялық білімді тәжірибеде қолдануды үйретуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалар үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуде:

Орнитологиялық қауіп-қатерді төмендету: аэродромдарда құстармен байланысты қауіптерді азайтуға арналған биоакустикалық прототип әзірленуде. Дыбыстық және ультрадыбыстық әсерлердің тиімділігі мен шектеулері тексеріледі.

Тұрақты байланыс: дала жағдайында ұялы байланыссыз командаларды жеткізетін мобильді жүйелер модельделіп, криптографиялық қорғау және автономды энергия көздері қарастырылған.

Қашықтан басқару: Long Range технологиясы негізінде сымсыз қашықтан басқару аппараттарының оқу макеті әзірленіп, радиотолқындардың таралуы мен энергияны үнемдеу әдістері зерттелуде.

Жобалардың ғылыми жетекшісі, полковник Владимир Арсеньевдің айтуынша, әзірлемелер бастапқыда оқу прототиптері ретінде қарастырылса да, кейбір жобалар магистрлік диссертацияларға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз бола алады.

Курсанттар оқу кезінде дайын шешімдерді пайдалану ғана емес, оларды қалай жасауға және нақты жағдайларға бейімдеуге болатынын үйренеді, - дейді Арсеньев.

Бұл формат болашақ офицерлерге заманауи байланыс, басқару және қауіпсіздік жүйелерімен жұмыс істеуге практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы