Қорғаныс министрлігі Жамбылда қаза тапқан солдаттың өлімі туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 сәуірде Гвардейск әскери қалашығында орналасқан Әскери госпиталінде әскер қатарына жаңадан шақырылған қатардағы жауынгер Әлібек Қалбай қайтыс болды. Жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерлерінің жасаған амалдарына қарамастан, жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкүн болмады. Бұл оқиға туралы Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының басшысы Серік Борамбаев айтты.

Ең бастысы, біз ұлдарын келмеске жоғалтқан туған туысқандары мен жақындарын соның ішінде ата-аналарын түсінеміз және қайғырып көңіл білдіреміз.Сонымен қатар қатардағы жауынгер Калбайдың қаза болуына себепкер болған мән-жағдайларды қоғамның білуі қажет.  Арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында болжамды барлық орын алған жағдайлар толығымен қарастырылады. Қажетті экспертизалар алынды, - деді Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының басшысы Серік Борамбаев.

Оның айтуынша, оқиға орнын қарау барысында құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сондай-ақ мәйітке соттық-медициналық сараптауды жүргізуде қаза болғанға дейін жарақаттар мен көгерулер анықталмағанын. 

Қазіргі уақыттағы тері қабаттарының өзгеруінің бар болуы соттық-медициналық сараптауды жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты. Тергеудің объективті жүргізілуіне біз де мүдделіміз, себебі барлық сатыдағы командирлер бағынысыт әскери қызметшілердің жалпы өмірі мен денсаулығына ата-аналар мен мемлекет алдында тек қана заң аумағында ғана емес, сонымен қатар моральдік жауапкершілікке тартылады, - деді Борамбаев. 

Ол атағандай, Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырып қалмайды, сарбаздың атан-анасы мен жақындары оқиғадан кейін дереу әскери бөлімге барып, олардың ұлы қызмет атқарған бөлімшедегі тұрмыстық жағдаймен танысты және жағдайды өз көздерімен көрді. 

Жоғарғы бас қолбасшы Қорғаныс министрлігінің алдында Қарулы Күшетрдің келбетін сапалы  өзгерту бойынша жаңа талаптар қойған болатын.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әскерлерде әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жұмысты қайта қарау жүргізілуде, онда негізгі күш әскери қызметтің лайықты жағдайын құруға, бағыныстыларына сақтықпен қарауға және қамқор болуға, жеке құрамның кәсібилігін және жеке-тәрбие жұмысын арттыруға бағытталған.Көп нәрсе қазір уақытта жасалға және жасалуда.Әрине, армияда мәселелер әлі де бар. Бірақ, олардың барлығы шешіледі және әскери қызметті өткерудің қауіпсіздігіне еш ықпал етпейді. Өйткені сарбаздар мен офицерлердің өмірі әрбір командирлер мен бастықтар үшін жоғары құндылық және ең басты бағыт, - деді Борамбаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы