Қорғаныс министрлігі ресейлік зымырандардың сынақтарына қатысты түсініктеме берді
Қорғаныс министрлігі Мәжілістің кулуарында ресейлік зымырандардың елімізде жүргізіліп жатқан сынақтарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев мұндай сынақтар Қарағанды және Жамбыл облыстарында орналасқан “Сары-Шаған” полигонында жүргізіліп жатқанын айтты.
Зымырандардың ұшу қашықтығы 200 шақырымға жетеді. Бұл полигонда инфрақұрылым да, халық та жоқ, - деді ол кулуарда журналистердің сұрағына жауап бергенде.
Бұған дейін Жазықбаев Қазақстан бойынша Ресей әскерінің саны қанша екенін айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Алтын сапа" конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы