Қорғаныс министрлігі Назарбаевтың ескерткішін неге алып тастағанын түсіндірді
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "ҚР Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Назарбаев ескерткішін ҚР Қарулы күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды, - дейді ведомстводағылар.
Министрлік ескерткіштің қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақтаулы тұрғанын айтады. Тиісті дайындықтан соң ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі.
Айта кетейік, ескерткіш 2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығында университет алдына арнайы қойылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда 21 жастағы қыз төрт күннен бері іздестіріліп жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы