Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында әскери техниканың не үшін жүргенін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қысқы оқу кезеңі аяқталғаннан кейінгі әскерлерді бақылау тексерісі жалғасуда. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлімшелер биылғы сәуір айында практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын полигондарға жауынгерлік техникалармен, сондай-ақ темір жол көлігімен жеткізіледі.  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері бақылау тексерісі шеңберінде күштер мен құралдарды Маңғыстау облысындағы полигондарға көшіруді жүзеге асырады. Полигондарда тактикалық оқу-жаттығулар мен атыстар түнгі жағдайларда өткізілетін болады. Бөлімдердің белгіленген мерзімде міндеттерін орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланбақ, - делінген министрлік хабарламасында.

Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі. 

 Әскери техниканың қозғалысы мен жеке құрамның жүріп-тұруы әскерлердің жауынгерлік даярлық процесіне байланысты. Жауынгерлік оқудың іс-шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ведомствоның ақпараттық ресурстарында жарияланатын ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрайды. Бұдан бұрын хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі әскерлерді бақылау тексерісі 2022 жылғы 4 сәуірде басталған болатын, - делінген хабарламада.

Қазақстан Қарулы күштерінде бақылау тексеруі басталды.

Әскерлерді тексеру қысқы оқу кезеңі аяқталғанша жүргізіледі. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі міндеттерін іске асыру шеңберінде бұл шара жаңа пішінде өтуде. Бас штабтың жоспарына сәйкес, құрамалар мен әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді. Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға темір жол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді жүзеге асырады. Полигондарда тактикалық, оның ішінде түнгі жағдайда да оқу-жаттығулар мен атыстар өтетін болады. Бұдан өзге, бөлімдердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеті, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады. Қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі, - делінген министрлік хабарламасында.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы