Қорғаныс министрлігі әскердегі сарбаздардың өлімі туралы не дейді?

Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов әскеридегі қайғылы оқиғаларға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әскердегі өлім-жітім қашан тоқтайды? – деп сұрады БАҚ өкілдері.

Әскер қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоғамдағы жағдайлар әскерде де тіркеледі. Әрине біз өлімді азайтуға тырысамыз.., - деді Қамалетдинов.

Қорғаныс министрлігі ата-аналарға балалары үйіне аман-есен оралатынына қашан кепілдік береді? – деп сұрақ қойды.

Сіз бүгін үйіңізге аман-есен жетіп алатыныңызға кепілдік бересіз бе, білмейсіз. Біз қазір жолға шыққанда маған не болатынын білмейміз.., - деп қысқа қайырды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

Қамалетдинов әскерде сарбаздар қарумен өзін атып, жараланып, кейде мерт болып жатқан жағдайлардың себебін, қаруды қолдану нұсқаулықтары қаншалықты үйрентілетінін түсіндірді.

Кез келген адам, тіпті әскерде 40 жыл жүрген менің өзім қателесуім мүмкін. Біз әскери қызметкерлер қаруды үлкен тәуекелмен қолданамыз. Сондықтан қандай да бір оқыс жағдайларды алдын ала алмаймыз. Адам ұмытып кетеді, ойға шомады, талап етілетін алгоритмді орындамауы мүмкін. Сондықтан өкінішке қарай трагедиялық жағдайдар тіркеледі, – деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы