Қорғаныс министрінің білім саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізді

Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті қорғаныс ведомство басшысының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұйрықтың жобасы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес әзірленіп отыр.

Аталған құжатта «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 және «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 37 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар көзделген.

Өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау оқуға түсуге, қайта оқуды жалғастыруға және елдің әскери оқу орындарын цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Осы бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде  10 тамызына дейін танысуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы