Қорғаныс министрі Республика күнімен құттықтады

Қорғаныс министрі  Руслан Жақсылықов Қарулы күштер қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
 

Құрметті офицерлер, сержанттар, сарбаздар, қызметкерлер және қадірлі Қарулы күштердің ардагерлері!

Бүгін еліміздің басты Ұлттық мерекесі – Республика күнін атап өтудеміз. 1990 жылы 25 қазанда мемлекеттің егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.

Осындай маңызды құжаттың қабылдануы мемлекет пен халықтың өсіп-өркендеуіне айтарлықтай әсер етті. Еліміздің дамуын әрі қарай жалғастыратын бірқатар үрдістердің негізі қаланды. Мемлекеттің біртұтастығы, оның аумағының бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы егемендіктің негізгі қағидаттарына айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында 25 қазанның қазақ тарихындағы маңызды күн екенін ерекше атап өткен болатын. Президент бұл тарихи оқиғаны Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам деді.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және өз атымнан Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын.
Отбасыларыңызға бақ-береке, зор денсаулық тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміздің болашағы жарқын болғай. Тәуелсіз еліміз бен Қарулы күштердің игілігі жолындағы ерен еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!, - деді ол.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы