Қорғаныс министрі ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абу-Дабиде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мүбәрак Фадель Әл-Мазруимен және IDEX пен NAVDEX-2025 қорғаныс технологиялары көрмесіне қатысып жатқан шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешендері компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді. 

ADNEC орталығында ұйымдастырылған халықаралық көрмені Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед ибн Заид Әл Нахайян салтанатты түрде ашты. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен қорғаныс өнімдерінің жетекші өндірушілерінің бірқатар павильондарын аралады. 

Айта кетер болсақ, биыл шараға 65 елден 1500 астам компания қатысуда

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы