Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында жұмыс сапарымен болды

Өңірде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов облыс орталығында орналасқан бірқатар әскери нысандар мен жоғары оқу орындарын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде аумақтық қорғаныс бригадасын жарақтандыру, әскери-оқытылған резервті қалыптастыру және дайындау, сондай-ақ «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу мәселелері талқыланды.

Мұғалжар ауданында генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери база құрылысының барысымен танысты. Мәртөк ауданында «Хлебодаровка» далалық аэродромының инфрақұрылымын зерделеді. Мұнда әскери ұшқыштар институты курсанттарының оқу-жаттығу ұшулары өтеді. Келер жылы әскери-патриоттық клубтардың, әскери колледждер мен мектептердің үздік командаларының қатысуымен іс-шара өткізу жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша ведомство басшысы әскери нысандар құрылысының мерзімі мен сапасына, әскери қалашықты абаттандыруға және «Айбын» жастар жинынына дайындық іс-шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы