Қорғалжын сапары. Қорық әлі ашылған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бірнеше өңірінде тұратын ат сүйер азаматтардың басын қосқан  Қорғалжын сапары басталды. Осы ретте назарларыңызға сапар барысынан сыр шертетін жолсапар очеркін ұсынамыз.

Айта кетейік, жобаның басты мақсаты - биылғы коронавирус індеті жағдайында еліміздің ішкі туризмін насихаттау, Қазақстанның тарихи жерлерін таныстыру арқылы жылқы туризміне қызығушыларға мүмкіндік жасау. Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар жасалып, GPS координатаға жаңа нүктелер түсірілетін болады

Айтпақшы, өткен жылы жазғы-күзгі маусымды аяқтарда да Нұр-Сұлтан-Қорғалжын бағытын бағындырған болатын.

Салт аттылар сапарының өтуіне Qazaqgeography қоғамдық бірлестігі мұрындық болды.


Ал сапар бағдарының Қорғалжын-Нұр-Сұлтан бағытында жүрілуіне At-travel.kz клубының белді мүшесі Самат Өкешұлы ұсыныс білдірді.

 

Саматтың өзі де Қорғалжын ауданының Өркендеу ауылында тұрады.

 Бұл жолғы сапарда:

Салт аттылар сапарының жетекшісі – Берік Ақылбеков.

Сапар қонағы – Сергей Корносенко (Ресей).

Сапар фотографы – Дидар Оралбек.

Сапар менеджері – Темірбек Аманжол.

Сапар ақын-әншісі – Мерген Тоқсанбай.

Сапар мүшесі – Қайрат Бейсеков.

Сапар мүшесі – Қанат Әділкешов.

Сапар жолбасшысы – Ержан Жаубай.

 

Аттарды көліктерге тиеп, Қорғалжын бағытына шыға берген кезде сапар мүшесі әрі аттарды артқан көлік шопыры Қанат Әділкешовке соттан қоңырау шалды. Осы жерде Мерген екеуміз бір сағат бойы онлайн-соттың куәсі болдық.

 

Діттеген жерге аман-есен жеттік.

 

Қорғалжын қорығы коронавирусқа байланысты әлі ашылмаған екен.

 

Біздің сапар осы жерден басталатын болды.

 

Аттарды көліктен түсірдік.

 

Жеке-жеке арқандап, отқа қойдық. Су жоқ болғандықтан, суару мүмкін болмады.


Бізді жолдан күтіп алып, қорық қақпасына дейін алып келген Самат Өкешұлы ертең жолда суарып алатынымызды айтты.

 

Қайда барсақ та ең әуелі аттардың жағдайын жасаймыз. Жолбасшымыз қалжыңдап, "қатындарыңа қалай қарасаңдар, аттарыңа одан да жақсы қараңдар" дейді.

 

Рас, қазақ "жортар аттың тоғы игі" дейді. Ат тоқ болса, қайда болсын баруға болады.

 

Аттарды арқандап, жайғастырған соң, өзіміз де асқа отырдық.

 

Алда ұзақ сапар күтіп тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы