Қорға неге қол сұға береміз? Жамаубаев Қазақстан халқы қоры жайында
Үкімет отырысынан соң Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елдегі соңғы болған оқиғаларға қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан халқы қорындағы қаражат қадағалана ма?, - деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.
Бұл қорға Үкімет тарапынан біздің қатысымыз жоқ. Қазақстан халқы қорының өзіне қатысты заң нормалары мен қамқоршылық кеңесі бар. Олар халыққа тиісті есебін жариялап отырады, - деді Қаржы министрі.
Сондай-ақ тілшілер «Кеше еліміздегі өртке қатысты бірқатар елдің мемлекет басшылары Қазақстанға көңіл айту хатын жолдады. Олардан көмек неге сұрамаймыз? Өзіміз еңсере аламыз ба?» деп сұрады.
Күшіміз жетеді деп үміттенемін. Біздің арнайы құзырлы органдарымыз бар, біз солар арқылы басқа елдің құзыретті органдарына шыға аламыз, - деп жауап берді Жамаубаев тілшілердің сұрағына.
Бұған дейін Жамаубаев Абай облысындағы өртке қатысты "Көрші елдерден неге көмек сұрамаймыз?" деген сауалға жауап берген еді.