Қордайлықтар "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясын қолдады

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында 25 тоннадан астам гуманитарлық көмекті Қостанай облысы Арқалық қаласына жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қордайдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді. Қабылдау пункті Қордай ауылындағы Мәдениет үйінің алдында, Өтеген батыр ескерткішінің жанында ашылды.

ҚХА-ның "ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ" қайырымдылық акциясына ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты.

Қордай ауданы жөнелткен гуманитарлық көмекте гигиеналық заттар, тамақ өнімдері, бірінші кезектегі тұтыну тауарлары, атап айтқанда: 3,7 тонна ұн, 2,7 тонна қант, 2,2 тонна макарон, 1,5 тонна күріш, 3,2 тонна картоп, 1,5 тоннадан астам сәбіз және өзге де азық-түлік жиынтығы бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы