Қоқыс полигонындағы өрт үш күннен бері сөндірілмей жатыр – ШҚО
Өрт сөндірушілер Шығыс Қазақстан облысы, Алтай қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті үш күннен бері сөндіре алмай жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының солтүстік бөлігіндегі өрт 24 тамызда басталған, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Оның ауданы 150 м2 болды. 2000 жылдарға дейін сақталған қоқыс жанып жатыр.
Қала билігі өрт 25 тамызда оқшауланғанын, бірақ әлі толық сөндірілмегенін хабарлады.
Тәулік бойы жұмыс жүргізілуде. Сөндіру ошағы 10 метр тереңдікте болғандықтан қиындап кетті. Құйылған су нәтиже бермеді. Оттегінің қолжетімділігін болдырмау үшін көзді күл мен қож қалдықтары басып жатыр. Жағдай бақылауда, – деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнында жеті адам мен үш бірлік техника жұмыс істеуде. Бүгін түнде өртті сөндіруге қосымша үш бірлік техника тартылды.
Қала тұрғындары түтін мен күйік иісі тіпті тұрғын үйлердің өзінде де сезілетінін айтады, – деп жазады жергілікті Noks.kz порталы.