Қоқыс мәселесіне тұрғындар да жауапты

Көкшетау көшелерінде тау-тау үйінділер, шашылған қоқыс пакеттерінен көз сүрінеді. Бұл өзге емес, өзіміздің мәдениетсіздігімізден, дейді коммуналдық сала қызметкерлері, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Қалада қоқыс қордалы мәселеге айналып отыр. 2017 жылдан бастап қоқыс шығарумен айналысатын жалғыз кәсіпорын - «Көкше тазалық» ЖШС. Содан бергі кезеңде қалада бес-алты ұйым жұмыс істеді. Алайда олардың көпшілігі шығынға батуына байланысты нарықтан кетті. Қазір қалалық тұрғын үй секторынан тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 6 компания айналысады.

Қалада абаттандырылған үйлер үшін тариф 500 теңге, абаттандырылмаған үйлер үшін – 580 теңге, бағбандық учаскелер үшін – 328 теңге болып белгіленбек.

«Елемесов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Әди Елемесовтың айтуынша, тұрғындардың жауапсыздығынан қаланы шынымен қоқыс басуы мүмкін.

Бізде көппәтерлі тұрғын үйлер және жеке сектор бар. Оған қоса, мектептер, ауруханалар, балабақшаларға қызмет көрсетеміз. Негізгі жүктеме – «Көкше тазалық» ЖШС мен біздің кәсіпорында. ҚР Экологиялық кодексі бойынша тұрғындар ас үйден шығатын пластик, қағаз, шыны, тамақ қалдықтары үшін ғана төлейтіндерін түсінбейді. Бірақ тұрғындар, әсіресе жеке сектордағылар контейнерге күл, бұтақ тастайды, қажетсіз жиһаз немесе құрылыс материалдары да қоқысқа жіберіледі. Біз оны шығаруға міндетті емеспіз! Абоненттік қарызымыз шамамен 20 млн теңге. Тұрғындар қоқыс үшін ақша төлегілері келмейді, бірақ біздің жұмысымызды жиі сынға алады. Ал біз сонда жұмысшыларымызға қалай жалақы береміз? Егер бәрі дұрыс төлесе, біз қосымша жұмысшылар алып, екі емес, үш ауысымда жұмыс істер едік. Ал қолданыстағы тариф 2012 жылдан бері өзгерген жоқ, қазір біз оны қайта қарауға құжаттар тапсырдық. Егер бұл орындалмаса, одан әрі жұмыс істеудің қажеті жоқ – бұл тиімсіз, - дейді ол.

Оның айтуынша, күн сайын егер қоқыс жинау нормалары бұзылмаса, үш көлік шығару жеткілікті. Кәсіпкер қоқыс тізбегіндегі тағы бір әлсіз буынды атады.

80 км радиуста жұмыс істейтін бірде-бір заңдастырылған ҚТҚ полигоны жоқ. Ал бұл жалпы тазалыққа, экологиялық жағдайға әсер етеді: қалалықтарда габаритті қоқысты контейнерлердің жанына жасырын түсірмей, полигонға шығару мүмкіндігі болар еді. Сонымен қатар, қала айналасында табиғи қоқыстар аз болар еді, - дейді кәсіпкер.

Қалалық әкімдікте өткен қоғамдық кеңесте абаттандырылған үйлер үшін тариф 500 теңге, абаттандырылмаған үйлер үшін – 580 теңге, бағбандық учаскелер үшін – 328 теңге екені мәлім болды.

Қалада қоқыс тасымалдаумен айналысуға ниет білдірген компаниялар жоқтың қасы, өйткені қоқыс жинау – бұл шығыны көп іс.

Омбы тас жолындағы ескі полигон әуежайға тым жақын болғандықтан жабылды. Красный яр ауылының аумағындағы ашық жаңа полигон да нормаларға сәйкес келмеді. Әрі осы аумаққа жақын Элита ауылының тұрғындары полигон салуға қарсы болды. Компаниялар жиналған қалдықтарды ескі учаскелерге шығаруды жалғастыруда. Бұл үшін оларға экологтар айыппұл салады.

Өңір тұрғындарының ТКШ саласына қатысты өтініштерін қабылдайтын iKomek-109 call-орталығының операторлары қоқысты уақытылы шығаруға қатысты шағымдар күн сайын келіп түсетінін айтады. Алайда, қоқыс мәселесі қала үшін өте өзекті екенін жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желілеріндегі пікірлеріне қарап түсінуге болады. Орталық қызметкерлері келіп түскен хабарламаларды қоқыс шығарушы компанияларға жібереді. Контейнерлік алаңдардың жанындағы үйлерге орнатылған бейнекамералар да жағдайды бақылауға көмектеседі.

Айналамыз толған қоқыс, иттер пакеттерді жыртып, қалдықтарды көшеге сүйрейді, консервілер, пластикалық бөтелкелер шашылып жатыр, - дейді жеке сектор тұрғындары. 

Облыстық мәслихат депутаттары халық тығыз орналасқан аудандарда олар бірнеше елді мекендерге арналған тораптық полигондар құруды және қоқыс өңдеу бизнесін субсидиялау құралдарын, ҚТҚ полигондарының құрылысын «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына енгізу мүмкіндігін ойластыруды ұсынып отыр. 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша, қазір қоқыс полигоны үшін Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінде 60 га жер учаскесін ресімдеу жүргізілуде. Таңдалған учаске Экологиялық кодекстің барлық талаптарына жауап береді, Жобаны іске асыру құны – 6-7 млрд теңге.

Біз тұрғындармен егер бұрынғы тарифті қалдырғымыз келсе, қоқысты дұрыс жинап, сұрыптау мәселесін бірнеше рет талқыладық. Компаниялармен келіссөздерден кейін қала тұрғындарына пластик, қағаз, шыны мен металды бөлек жинау мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен бірге, дәмхана-мейрамханалардың жеке контейнерлері болуы керек деген мәселе көтерілді. Өйткені тамақ қалдықтарының көп мөлшері жалпы контейнерлерге сыймайды. Тұрғын үйлер, бизнес субъектілері, кез келген меншік иесі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға шарт жасасуы тиіс. Бұл экологиялық тұрғыда тиімді шешім болар еді. Жағдайды түзетудің жалғыз жолы – қоқыс бизнесін тартымды ету, – дейді Көкшетау қаласы әкімінің ТКШ мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Айгүл Арынова.

Оның пікірінше, қоқыс мәселесіне қала тұрғындары да жауапты.

Бүгінгі таңда халықтың қарызы 74 999 695 теңгені құрап отыр. Борышкерлердің көпшілігі жеке секторда. Қыста қоқыс контентейнерлері де жиі өртенеді. Себебі адамдар қыста контейнерлерге күл лақтырады. Контейнерлер саны артып келеді, көппәтерлі үйлердің қоқыстары күніне бір рет шығарылады, бірақ тазалық сақталмайды. Қоқысты сұрыптағымыз келмейді, жер үй тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару туралы келісім жасаспайды, жеке контейнерлері де жоқ. Олардың қоқысты қайда шығаратынын болжау қиын емес, - дейдің Айгүл Арынова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы