18 Тамыз 2025 2025, 20:35
Фото: видеодан скриншот
Қонақтарға – ет, жас жұбайларға – фастфуд: Тойда "ерекше" ас мәзірі ұсынылды
Желіде қазақ тойында жас жұбайларға KFC тағамын ұсынған видео қызу талқылануда. Видеода мейрамханада өтіп жатқан тойда қонақтарға дәстүрлі ет ұсынылып жатқанда, жас жұбайлардың алдына фастфуд жеткізілген сәт көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Желіде қазақ тойында жас жұбайларға KFC тағамын ұсынған видео қызу талқылануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Видеода көрініп тұрғандай, мейрамханада өтіп жатқан тойда қонақтарға дәстүрлі ет ұсынылып жатқанда, жас жұбайлардың алдына фастфуд жеткізілген.
Мейрамхана қызметкерлері ортаға қонақтарға арналған табақ-табақ ет алып шыққанда, курьер жастардың алдына фастфуд апарған.
Желі қолданушылары оны әзіл-қалжың ретінде бағаласа, енді бірі дәстүрлі дастарханды фастфудпен шатастырмауды сұраған.
Жақсы көретін достарың үшін не істемейсің? Жүргізушінің идеясы, - деп жазған видео авторы.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде "жүретін киіз үй" туралы видео тараған.