Бүгiн 2026, 15:12 Фото: видеодан скриншот

"Қонаққа келген" ағайындылар: Алматыда пәтер тонағандар ұсталды

Алматы қаласының маңында арнайы операция жүргізілді.

Мегаполис полицейлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың ізіне түсіп, олардың жолын кесті. Күдіктілер – басқа өңірден келген ағайынды екі азамат.

Полициядан мәлімдегендей, олар батыл әрі алдын ала ойластырылған тәсілмен әрекет еткен. Қаланың таулы аудандарындағы бірінші және екінші қабаттағы пәтерлерді нысанаға алып отырған.

Қылмыстық схемасы бірізді болған: терезе торын бұзып кіру, үй ішін жедел тінту және бағалы әрі ықшам заттарды қолды ету. Осылайша олар санаулы минуттың ішінде ізін суытып үлгерген. Алайда қылмыскерлер жауапкершіліктен құтыла алмады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта олардың кемінде бес пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында  пәтерге терезеден кіріп, ұрлық жасағандар ұсталғаны хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер Астанадан ұсталды

Ер адам "курьер" болып келіп, өз танысының пәтерін тонап кетті

Шымкентте пәтер тонап, тасада жүргендер ұсталды