Қонақ үйлер, жер мен акциялар: Мемлекетке қанша қаржы қайтарылды

Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында заңсыз тәркіленген активтерді Қазақстанға қайтару туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Бас прокурордың орынбасары қайтарылған капитал қаншаға есептелетінін айтты.

Садырбековтың айтуынша, бүгінге дейін құқық қорғау органдары мемлекетке 1 триллион теңгеге жуық мүлік пен активтерді қайтарған.

Оның шамамен 600 миллион доллары басқа юрисдикциялардан қайтарылған активтер. Нақтырақ айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінен – шамамен 15 миллион доллар, Австриядан – 82 миллион доллар, Лихтенштейннен – 260 миллион доллар, Гонконгтан – 2 миллион доллар. Іс жүзінде мысалдар өте көп, ал юрисдикциялар өте әртүрлі, - деді бас прокурордың орынбасары.

Ел ішіндегі активтерге тоқталған Садырбеков ақшадан бөлек ірі компаниялардың акциялары, соның ішінде монополияның - қонақүйлер, базарлар, элиталық бизнес орталықтары, жер телімдері қайтарылғанын айтты.

Тіпті ел үшін стратегиялық маңызы бар теміржол желілері де бар, - деп қосты бас прокурордың орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы