Қонаевтағы базарда мерзімі өткен азық-түлік сатылған
Алматы облысындағы "Алға" базарын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Ірі қара малдың еті (өкпе-бауыр, қарын майы, сирақтар), шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылған.
«Алға» базары демалыс күндері жәрмеңке өткізу орыны ретінде ЖАО-мен бекітілмеген. Алайда, базар басшылығы бұл фактіні теріске шығаруға тырысып жатыр. Ірі қара малдың еті (өкпе-бауыр, қарын майы, сирақтар), шұжықтар, сүт өнімдері ашық аспан астында сатылып тұр. Бұл санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Мерзімі өткен шұжықтар мен түрлі тәттілерді, азық-түліктерді «үй жануарларына арналған тағам» ретінде сату деректері де тіркелді. Сондай-ақ ветеринарлық анықтамасы жоқ 2 сатушыға айыппұл салынды. Сынамалар зертханаларға жіберілді. Құс еттері болса, үйдікі, сатылып жатқан жұмыртқалардың тиісті құжаттары жоқ,- деді Қонаев қаласының әкімінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызы.
Ал базар басшылығына қатысты тұрақ санының жеткіліксіздігі, сатушыларға жағдай жасалмағаны, жабық павильондардың жоқтығы, базар аумағы стандарттарға сәйкес келмейтіні (қатты жабынмен жабылуы тиіс) туралы ұйғарым шығарылған.
Базар тұрған жер 11 учаскеге бөлінген, иелері де әртүрлі. Қысқы маусымда сенбі күнгі жәрмеңкеде 100-120 орында сауда жасалады. Жаздың күні бұл көрсеткіш 150-ге жетеді. Сатушылардың көбі Алатау қаласынан, Талғар ауданынан келеді. Арасында қонаевтықтар да бар. апта сайын жәрмеңкеге 40 тонна картоп, 50 тонна жуа, 20 тонна сәбіз, 20 тонна қырыққабат әкелінеді,- деді Қонаев қаласының әкімінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызы.