Қонаевта көпірден секірген ер адам құтқарылды

Қонаев қаласында төтенше жағдай қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"112" бірыңғай кезекші қызметіне Алматы – Өскемен автожолындағы Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түскен, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, азаматпен сөйлесіп, оны сабырға шақыруға тырысқан. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кеткен.

Құтқарушылар дереу қайықпен суға түсіп, ер адамды дер кезінде шығарып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ мәліметінше, құтқарылған азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы