Қонаевта көлікпен жол жапқандар бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Қонаев қаласының перзетханасынан Арна ауылына жол тартқан кортеж жүргізушілері жол-көлік ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видео жұртшылықтың наразылығын тудырған.

Қонаев қаласының соты Алматы-Өскемен тас жолында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері бойынша шешім шығарды.

Қатысушылардың бірі бес тәулік, қалған үшеуі – бір тәулік әкімшілік қамауға алынды. Төртеуі де бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Тағы екі қатысушыға айыппұл салынды, – деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Өңір полициясы жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады және жолдарда қауіп төндіретін кез-келген әрекеттің қатаң жазаланып, құқық бұзушыларға міндетті түрде тиісті шара қолданылатынын еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы