Қонаевта азық-түлік дүкеніне жылан кіріп кетті

Қонаевтағы азық-түлік дүкеніне жылан кіріп кетіп, көмекк құтқарушылар келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше азық-түлік дүкеніндегі ойын автоматына бауырмен жорғалаушы кіріп кеткен. Дүкенде істейтін жұмысшылар жыланның қауіп төндіретінін анықтай алмай, ТЖМ-дан көмек сұрап хабарласқан.

Жыланды қауіпсіз жерге шығару үшін арнайы құрал мен құтқарушылардың көмегі қажет болды. Жылан өзін агрессивті ұстаған. Құтқарушылар жыланды ұстап, табиғи ортаға жіберді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы