Қонаев жағалауында ЖИ-мен жабдықталған камералар орнатылды

Қонаев қаласының жағалау аумағына мониторинг жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, күн сайын жағалауда 12 полиция қызметкері кезекшілік атқарады. 

Демалыс және мереке күндері олардың саны көбейеді. Алматы облыстық полиция департаменті және Қонаев қалалық полиция департаментінің 13 қызметкері жұмылдырылады. Патрульдеуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де тартылады.

Маусым басталғалы бері 197 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Олар:
• 41 – абаттандыру ережелерін бұзу,
• 39 – қоғамдық орында алкоголь ішу,
• 15 – мас күйінде көлік басқару,
• 8 – темекіге қарсы заңнаманы бұзу,
• 27 – жол қозғалысы ережелерін бұзу және т.б.

Биыл №5 жағажайда жасанды интеллектпен жабдықталған бейнекамералар орнатылды. Олар қызыл шеңберден асып, жүзген адамдарды тіркеп, ТЖД-ның кезекші бөліміне хабарлама жібереді. Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТЖД, полиция, санитарлық қызмет пен туристік кәсіп иелерінің қатысуымен 3-тен астам кеңес өткізілді. Кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, құтқарушыларды тегін оқыту, су түбін тексеру және дайындық актілерін рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы