Қонаев қаласының жастары. Жаңа мәртебе - жаңа мүмкіндіктер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ вице-министрі Александр Данилов Алматы облысындағы Қонаев қаласының жастарымен кездесті.
Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі мәлімдейді.
Кездесу барысында А.Данилов жастар саясатын іске асыру саласындағы қызметті трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, жастарды қоғамдық-саяси процестерге және республикалық және өңірлік деңгейлерде, әсіресе жаңа Қазақстанның қалыптасуындағы басқарушылық шешімдер қабылдау процестеріне тартудың маңыздылығы туралы айтты.
Вице-министр жастарға биылғы жобалар туралы, «Zhas Project» жобасы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты, «Дарын» сыйлығы және басқалары жайлы хабардар етті.
Еңбекпен қамту, білім беру, жастар ресурстық орталықтары, жастар саясаты жөніндегі өңірлік кеңестер жұмысының жаңа тетіктері және басқа да өзекті мәселелерін талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша жас белсенділер бірқатар ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ іс-сапар аясында А.Данилов жергілікті жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты.