Қонаев қаласындағы атыс: Күдікті 6 адам ұсталды

Алматы облысында атыс кезінде қаза тапқан 21 жастағы жігіттің туыстары күдіктілерді ұсталып, жазалануын талап еткен еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, Қонаевта 26 маусым күні түнгі сағат 22.00-23.00 шамасында атыс болды. 21 жастағы жігіт қаза тауып, екінші азамат ауыр дене жарақатын алған.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Тергеу сотының санкциясымен олардың барлығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қамауға алынды. 

Қонаев қаласының прокуратурасы бұл іс бойынша барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын растайды.

Біз барлық мән-жайларды анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған объективті және бейтарап тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы барлар үшін жауапкершіліктен жалтару әрекеттеріне жол берілмейтініне сендіргіміз келеді, - дейді Қонаев қаласының прокуроры Айдос Шорманов.

Прокурор ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен алуға шақырды. 

Тергеуге көмектесетін ақпараты бар кез келген адамның прокуратураға немесе ішкі істер органдарына хабарласуын сұраймыз. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүріп жатыр, сондықтан істің мән-жайын жария ету мүмкін емес. Сондықтан барша азаматтарды кез келген мәлімдемелер мен болжамдардан аулақ болуға және ақпаратты тек ресми ақпарат көздерінен алуға шақырамыз, - дейді Қонаев қаласының прокуроры Айдос Шорманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы