Қонаев қаласында медициналық университет салынады

Алматы облысының Қонаев қаласында медициналық университет бой көтермек. Жобаға қатысты барлық құжат дайын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖОО салу үшін Қапшағай су қоймасына жақын аумақтан 100 гектар жер бөлінген. Инвестиция көлемі - 3 млрд АҚШ доллары. Кешеннің жалпы аумағы 1,3 млн шаршы метрден асады.

Құрылыс 5 жылға созылады. Университет жанынан 1000 орындық емхана мен аурухана, ғылыми-зерттеу орталығы, мектеп, балабақша және қонақ үй салынады.

Нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы