Қонаев қаласында 1 млн шаршы метрден астам баспана салу қажет – әкім

Жаңа облыс орталығында жұмыс орындары ашылып, адамдар келіп жатыр. Қаладағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы – 3,2 млн шаршы метр, тағы 1 млн шаршы метр қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Құматаев баспасөз туры барысында мәлімдеді. 

Тамыз айынан бастап Қонаевта 60 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылысы басталған. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 50 гектар жерге үй салынады. Қазір 107 үйдің құрылысын жоспарлап қойдық, оның 13-і бюджет, қалғаны жеке компаниялар есебінен салынады, - деді әкім. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы